ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУ – ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ
2012 жылғы, қаңтар
Мұстафина Сабила Сапарқызы 1960 жылы 9 қараша күні Ақмола облысы Ерментау қаласында дүниеге келді. Мамандығы ауылшаруашылық өндірістегі экономист ұйымдастырушы. Алғашқы еңбек қызметін етсүйекті ұн өндіруші зауытында аға экономист ретінде бастаған. 1983 жылы босатылған комсомолдық жұмысына ауысты. 1989 жылы саясаттанушы мамандығы бойынша Мәскеу қаласының Жоғары комсомолдық мектебін тамамдады. Еңбек өтілі алғашқы комсомолдық институт ұйымының хатшысынан бастап Қазақстанның Орталық комсомол комитетінің хатшысына дейін жетті.
1996 жылы республикалық бюджетті орындау бойынша есептік комитетінде қызмет атқарады. 1999 жылы Гендер саясаты және отбасы ісінің ұлттық комиссиясының хатшылығын басқарды. 2002 жылы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалады. Сонан соң, Қазақстан Республикасы Президент әкімшілік кеңсесінің бас инспекторы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшылығының бас инспекторы қызметін атқарды. 2004 жылдың қараша айында Астана қаласы әкімінің орынбасары. 2006-2008 жылдар аралығында Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөлім секторын басқарады. 2008 жылдың сәуір айында Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының әкімі қызметіне тағайындалды. 2011 жылғы 29 қарашадан Астана қаласы «Есіл» ауданының әкімі.
«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «10 жыл
Астана», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтой медальдармен марапатталды.
Қарағанды мемлекеттік университеті, «Тұран-Астана» университетін тамамдаған. Мамандығы физика пәнінің мұғалімі, заңгер. Еңбек қызметін 1982 жылы физика пәнінің мұғалімі ретінде бастаған болатын. 1984-1991 жылдар аралығында партиялық жұмыстарымен айналысады. 1991 жылы Ақмола облысының Краснофлотск орта мектебінің директоры. 1997-2000 жылдар аралығында Краснофлотск ауылдық округының әкімі. 2000 жылы Ақмола облысының Енбекшілдер ауданы әкімі аппаратының сәулет және құрылыс бөлімін басқарады. 2001-2003 жылдары Астана қаласы «Алматы» аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмыстары бөлімінде, ҚР Білім Министрлігі Әкімшілік Департаментінің ұйымдастыру және кадр жұмыстары басқармасында жұмыс атқарды. 2003 жылы «Сарыарқа» аудан әкімі аппаратында аппарат басшысы қызметіне тағайындалады. 2004-2006 жылдары Астана қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмыстары, ұйымдастыру-инспекторлық бөлімін басқарады. 2006 жылы «Сарыарқа» ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалады. 2011 жылғы желтоқсан айынан Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің орынбасары.Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық,
инфрақұрылым және құрылыс мәселелері бойынша
әкімінің орынбасары
Кулагин Павел Сергеевич
М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған. Мамандығы бойынша экономист.
Еңбек қызметін 2004 жылы жекеменшік құрылымда бастады. 2008 жылы Қостанай облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің экономикалық саясат және жоспарлау бөлімінің бас маманы болып істейді. Сол жылы Астана қаласы әкімінің бас инспекторы лауазымына тағайындалады. 2009 жылы әкімнің кеңесшісі болып істейді, кейінірек Астана қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімін басқарады.
2010 жылдың тамыз айынан бастап осы уақытқа дейін - Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің орынбасары.
Ішкі саясат, әлеуметтік сала және кәсіпкерлік мәселелері бойынша
әкімінің орынбасары
Қасенова Гүлнар Қайырбекқызы
Қарағанды мемлекеттік университетін тамамдап шықты. Мамандығы қоғамтану және тарих пәнінің мұғалімі. Еңбек қызметі 1982 жылы тарих пәнінің мұғалімі ретінде басталды. Кейінгі 12 жыл ағымында білім ұйымдарында жұмыс атқарды. 1998 жылдан бастап мемлекеттік қызметте жұмыс атқарады. «Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы, Астана қаласы Білім департаментінің кәсіби білім бөлімінің бастығы. 2002-2009 жылдар аралығында Астана қаласы № 3 мектеп–гимназиясы және № 59 мектеп–лицейінің директоры. 2009 жылы «Есіл» ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік сала және ішкі саясат бөлімі, соңында әлеуметтік сала және кәсіпкерлік бөлімін басқарады. 2011 жылғы желтоқсан айынан Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалады.