Жолдауды талқылау

Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары «Есіл» ауданының активінің жиналысында талқыланды. Кездесу аудан әкімі Төлеген Закарьяновтың басшылығымен өтті. Онда Астана қаласы маслихатының депутаттары, аудан құрылымдарының басшылары, аудандық Ардагерлер ұйымының активі, сондай-ақ, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, ПИК, ШОБ, құрылыс компаниялары мекемелерінің өкілдері және т.б. қатысты.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өз Жолдауында 6 негізгі бағыттарды атап өтті, олар: халық табысының өсуі; тұрмыс сапасын арттыру; өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру; азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат; тиімді сыртқы саясат; әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысуы.

Аудан активіне жолдаудың бұл негізгі басымдықтары туралы шақырылған спикерлер - Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ермек Оспанов, Астана қаласы маслихатының депутаты, № 84 мектеп-лицейінің директоры Зәуре Жүсіпова, № 2 көпсалалы ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Гүлмира Магзумова, «Салауатты Астана» ЖШС директоры Лейла Ишбаева, «Town Service» басқарушы компаниясының директоры Рауан Жанғалиев және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана қаласы бойынша департаменті басшысы - Әдеп жөніндегі кеңестің төрайымы Жазира Жылқышиева айтып берді.

Өз баяндамаларында спикерлер жұмыспен қамту, сапалы және қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету, білім беру және денсаулық сақтау салаларын дамыту, тұрғын үй қорын тиімді басқару, мемлекеттік аппаратты жаңғырту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін қозғады.

Аудан активінің қатысушылары Елбасының Жолдауын қолдады, өйткені оның басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын жақсарту. Және барлық азаматтардың ортақ міндеті – осы стратегиялық құжатты іске асыру үшін барлық күш-жігерді салу. Біз бірге әлемнің 30 жетекші елінің арасында республикамыздың тұрақты дамуын қамтамасыз ете аламыз.