Бизнесті жауапты жүргізудің сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық байланыс орталығы туралы ақпарат

2017 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі – ЭЫДҰ) Инвестициялық комитетінің қауымдастырылған мүшесі болды және ЭЫДҰ көпұлтты кәсіпорындары туралы декларациясына 48-ші ел болып қосылды.

ЭЫДҰ Инвестициялық Комитетіне қосылуы аясында Қазақстан Үкіметі өз алдына бірқатар міндеттемелерді алды, соның ішінде ЭЫДҰ-ның Көпұлтты кәсіпорындарға арналған басқару қағидаттарына (бұдан әрі – Басқару қағидаттары) сәйкес бизнесті жауапты жүргізудің қағидаттарын тарату бойынша Ұлттық байланыс орталығын құру (бұдан әрі – ҰБО).

Инвестициялардың арқасында компания / инвесторлар (бұдан әрі - кәсіпорындар) елдегі экономикаға өндірістік капитал, басқару және технологиялық ноу-хау, жұмыс орындарын құру және салық түсімдері түрінде елеулі пайда әкеледі.

Сонымен қатар, мұндай компаниялардың / инвесторлардың қызметіне байланысты қоғамдық мәселелер туындайды және бұл мәселелердің әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салаларда халық пен қоғам үшін жағымсыз салдары бар.

Басқару қағидаттары елдегі және халықаралық құқыққа сәйкес бизнесті жауапты жүргізудің ерікті принциптері мен стандарттары бойынша ұсыныстар ұсыну арқылы осы мәселелерді шешуге көмектеседі.

Басқару қағидаттары көп жақты негізде бекітілген жан-жақты қамтылған тәртіптік кодекс болып табылады. Атап айтқанда, кәсіпорындар жұмыс істейтін қоғамдарда (оның ішінде ЭЫДҰ-дан тыс) әлеуметтік-экономикалық және экологиялық салдарға байланысты әлеуметтік мәселелер қарастырылады және жауапты бизнесті насихаттау үшін бизнестің маңызды құрылымын қамтамасыз етеді.

Басқару қағидаттарына үкіметтер тарапынан қолдау көрсетілуіне қарамастан, Басқару қағидаттары ерікті болып табылады және ұлттық заңдарға үстемдік етпейді. Басқару қағидаттары көпұлтты кәсіпорындар мен отандық кәсіпорындар арасындағы қарым-қатынастардағы айырмашылықтарды енгізуге арналмаған – олар кез келген жерде жұмыс істейтін барлық кәсіпорындар үшін үздік тәжрибені көрсетеді.

Басқару қағидаттары ЭЫДҰ-ның Халықаралық инвестициялар және көпұлтты кәсіпорындар туралы Декларациясының ажырамас бөлігі болып табылады.

Басқару қағидаттарын тарату шеңберінде ҰБО құрылады.

Ұлттық байланыс орталығы - бұл Басқару қағидаттары бойынша жауапты бизнес жүргізу қағидаларын бұзатын кəсіпорындардың іс-əрекеттеріне немесе əрекетсіздіктеріне қатысты жұртшылықтың / қоғамның шағымдарын қараудың ерікті, санкциясыз механизмі.

ҰБО проблемаларды талқылау және өзара келісімге қол жеткізу жолдары мен келісімдерді қалыптастыру үшін тараптар арасында сындарлы диалог алаңын ұйымдастырады.

Кəсіпорын қызметі немесе әрекеті Басқару қағидаттарына сəйкес емес деп санайтын кез-келген адам, ұйым немесе қауымдастық (мүдделі тараптар) тиісті елдің тиісті ҰБО-ына нақты істі қарауға ресми өтініш беруі мүмкін.

ЭЫДҰ алдындағы міндеттемелерді орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Қазақстан Республикасының ҰБО-сы (2018 жылғы 31 мамырдағы № 306 қаулысы) тағайындалды, бұған дейін осы қызметті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті жүзеге асырды.

Бұдан басқа, ҰБО-ның шағымдары мен өтініштерін қарау кезінде ҰБО-нің алқалы көмекші органы ретінде ҰБО-ның жұмыс тобы құрылды (ИДМ-нің 2017 жылғы 12 қазандағы № 696 бұйрығы).

Жұмыс тобының құрамына Инвестициялар және даму министрліктерінің, халық шаруашылығының, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, энергетика, білім және ғылым, ішкі істер, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Атамекен, үкіметтік емес ұйымдар және кәсіподақтар өкілдері кірді.

Жұмыс тобы жиналыстары қажеттілігі бойынша ұйымдастырылады.