"Көңілді аққала" сайысы

Есіл ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі «Көңілді  аққала» сайысын өткізді. Шараға Есіл ауданының жоғары сынып оқушылары белсенді қатысты. Барлық сайыскерлердің жалпы саны 210 адамды құрады. Іс-шара Ботаникалық саябақта өткізілді.

Қатты аязға қарамастан, балалар бірлік танытып, ең креативті және әдемі аққала соғуға тырысты. Оқушылардың жұмыстарын қазылар алқасы бағалады.

Есіл ауданының келесі мектептері жеңімпаз атанды:

1 орын - № 59 мектеп-лицейі

2 орын - №45 орта мектеп

3 орын - № 81 орта мектеп

Сондай-ақ, ұйымдастырушылар арнайы номинациялар тағайындады:

Ең қызықты аққала - №71 мектеп-лицейі

Ең әдемі аққала - № 17 мектеп-гимназиясы

Ең биік аққала - № 84 мектеп лицейі

Оқушыларға кітап және жаңа жылдық дастарқанның сәнін келтіретін мандариндер табысталды.

Сондай-ақ, барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін сертификаттар берілді.

Яндекс.Метрика
© 2019 "Нұр-Сұлтан қаласы "Есіл" ауданы әкімінің аппараты" ММ.
Сайтты әзірлеу және сүйемелдеу – Helena Burbel.