Есіл ауданы әкімінің халыққа есеп беру кездесулері

2019 жыл Есіл ауданы әкімі аппараты үшін жыл сайынғы есеп беру кездесулерінен басталды. Бір аптаның ішінде 7 кездесу өтті. Кездесулерге Премьер-Министр Кеңсесінің өкілдері, қала әкімінің орынбасарлары, қалалық мәслихат депутаттары және қалалық басқармалар басшылары қатысты. 3000-ға жуық адам 30 қаңтар мен 6 ақпан аралығында аудан билігіне көптен бері мазалап жүрген сұрақтарын қойды.

Сұрақтардың барлығын 4 блокка бөлуге болады:

  1. 1. Инфрақұлымды дамыту мәселелері:

- жолдарды салу және жөндеу, жаяу жүргіншілер өткелдерін абаттандыру және бағдаршамдарды орнатуға қатысты 27 өтінім тіркелген. Оның ішінде аудандық әкімдіктің құзыретінде - 7 сұрақ, қалған 20-сы қалалық басқармалардың құзыретіне жатады;

- қоғамдық көліктер және жылы аялдамаларды орнату жайында 23 өтінім келіп түсті. Оның ішінде аудандық әкімдіктің құзыретіне 3-і кіреді. Ал 20-сы қалалық басқармалардың құзыретіндегі мәселе.

  1. 2. Абаттандыру:

- аулаларды және бақтарды  абаттандыру бойынша 21 өтінім келіп түсті. Олардың барлығы аудан әкімдігінің құзыретіне кіреді;

- көшелер мен ауладағы жарықтандыру мәселесі бойынша 8 өтінім тіркелген. Барлығы аудан әкімдігінің құзыретіне кіреді.

  1. 3. Тұрғын үй қоры:

- тұрғын үй-коммуналдық салалар бойынша 51 өтінім келіп түсті. Олардың 18-і аудандық әкімдіктің құзыретіне жатады, ал 33-і қалалық басқармалардың құзыретіндегі мәселе;

- инженерлік желілер бойынша 10 шағым келіп түсті. Олардың барлығы қалалық басқармалардың құзыретіне кіреді.

  1. 4. Әлеуметтік сала:

- білім және денсаулық саласына қатысты - 11. Барлығы қалалық басқармалар құзыретінде;

- қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша 12 өтінім тіркелген. Олардың барлығы аудан әкімдігінің құзыретіне кіреді.

Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан өзге мәселелерге де қатысты сұрақтар келіп түсті. Олардың 2-і аудандық әкімдіктің құзыретіне жатса, қалған 13-і қалалық кеңселердің құзыретіне жатады.

"Пригородный", "Шығыс Ильинка", "Тельмано" және "Заречный" тұрғын үй алабының тұрғындары ерекше белсенділік танытты.

«Үркер» тұрғын үй алабында өткен кездесу барысында көшелерді жарықтандыру, жолдарды асфальттау,  көгалдандыру және абаттандыру мәселелері басымырақ болды.

 «Астана-АЭК» еңбек ұжымы қоғамдық көліктер мен аулаларды абаттандыру жайлы сұрақтарды ортаға салды.

Есеп беру кездесулер барысында тұрғындар тарапынан 250 шағым түсті. Мәселелердің көбісі оперативті тұрғыда орында шешілді. Ал қалған сұрақтар Ауданның ұсыныстары мен өтініштерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына еңгізілді.

Шағымдардан бөлек, аудан тұрғындары уақытылы және сапалы істелген жұмыс үшін Есіл ауданы әкімі аппаратына өз алғысын білдірді.

Бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан Есіл ауданы әкімінің есеп беру кездесулеріне қызуғышылық танытылды. Іс-шараға Астана қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы мен «Астана ақшамы» газетінің журналистері қатысты. Есіл ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында барлық есеп беру кездесулерінің тікелей эфирі көрсетілді.

Фото: Василий Крась ("Астана ақшамы"), пресс-служба ТОО "Астана LRT"

Яндекс.Метрика
© 2019 "Нұр-Сұлтан қаласы "Есіл" ауданы әкімінің аппараты" ММ.
Сайтты әзірлеу және сүйемелдеу – Helena Burbel.