Қайбақов Русланбек Есімұлы 1976 жылы 24 маусымда туған. Бухгалтер-экономист мамандығы бойынша С. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін тәмамдаған. Мемлекеттік қызметте 2000 жылдан бастап жұмыс істейді. 2000-2003 ж.ж.. Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігінде жетекші, бас маман болып қызмет атқарған. 2003-2007 ж.ж.. Астана қаласының «Халықаралық аэропорт» АҚ қайта жаңғырту бойынша дирекциясының қаржылық менеджері қызметін атқарған. 2008 жылдан бастап Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің аппаратында қызмет етеді, абаттандыру бөлімінің бас маманы, өміртіршілікті қамтамасыз ету және инфрақұрылым бөлімін басқарды. 2018 жылдың 2 қазанынан бастап, Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің орынбасары ретінде жұмысқа кірісті.

kayrzhanovҚайржанов Әнуар Талғатұлы 1986 жылдың 27 наурызында дүниеге келген. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін инженер-механик мамандығы бойынша бітірген. Мемлекеттік қызметте 2008 жылдан бастап жұмыс жасайды. 2010 жылы Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының абаттандыру бөлімін басқарады. 2012 жылы «Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының өндірістік-техникалық бөлімі басшысының лауазымына ауыстырылды. 2013 жылдан бастап Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің орынбасары.

Бисембаев Арслан Абайұлы 1989 жылдың 12 желтоқсанында дүниеге келген. Гронинген атындағы университетін (Нидерланды корольдігі), Париждік саяси білім институтын экономика және бизнес-экономика бакалавры, үлкен мегаполисті басқару/саяси ғылымдар шебері мамандығы бойынша бітірген. Мемлекеттік қызметте 2013 жылдан бастап жұмыс жасайды. 2015 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлік саясат және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаментінің Өңірлік саясат және бағдарламалық құжаттар мониторингі басқармасын басқарды. 2016 жылдан бастап Астана қаласының әкімдігінде инвестициялар және инновациялар бөлімінің басшысы, Астана қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы орынбасарының қызметін атқарды. 2018 жылдың 2 тамызында Астана қаласы «Есіл» ауданының әкімі орынбасарының лауазымына тағайындалды.