«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс туралы хабарландыру

Астана қаласы "Есіл"ауданы әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

Жоғары білім;E-1 санаты бойынша:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық немесе қалалық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.

- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрагасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелінген бұйрығына сәйкес.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

 Еңбек сіңірген жылдарына байланыстыСанат

                                 min                           max                                   

    E-1                     477277                     622533

 Астана қаласы "Есіл"ауданы әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі , пошта мекенжайы: Қабанбай Батыр даңғ. 33 үй, анықтама телефоны: 55-73-81, e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

  1. Аудан әкімінің орынбасары, E-1 (1 бірлік) 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: техникалық ғылымдар және технологиялар, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық, білім, гуманитарлық ғылымдар.    

Функционалдық міндеттері: кәсіпкерлік, ішкі саясат және әлеуметтік саласы бойынша жоғарғы органдардың құқықтық нормативтік актісін, ҚР Президенті басқармасының, аудан және қала әкімі тапсырмасын орындау. Ауданның білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және денешынықтыру, жастар саясаты, тілдерді дамыту, бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты ұйымдастыру, қоғамдық-саяси салалар бойынша, ғылыми-мәдени орталықтар, діни, жастар және қоғамдық ұйымдар бойынша сұрақтарды жүгізеді. Жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау  сұрақтарын қамту. Ішкі саясат, халықты әлеуметтік қорғау, зейнетақы төлеу, денсаулық сақтау, білім, ғылым, мәдениет, туризм, спорт және денешынықтыру сұрақтары бойынша аудан әкімінің, қала әкімінің тапсырмалары мен актілерінің жүзеге асырылуын ұйымдастыру. Қоғамдық келісім мен ақпараты, әлеуметтік және жастар саясаты салаларына байланысты кешенді шаралар мен бағдарламалардың жүзеге асырылуы бойынша аумақтық органдар қызметінің әрекеттілігі мен үйлесімділігін қамтамасыз ету. Көрнекілік орта мен сыртқы безендіру бойынша, қоғамдық-саяси және мәдени-спорттық іс-шараларды дайындау және өткізу бойынша аудандық ведомстволар қызметінің үйлестірілуі жұмыстарын жүзеге асыру, топонимика және ономастика бойынша ұсыныстарды енгізу. Аудан аумағында барлық жалпы мәдени шаралар мен қоғамдық мерекелердің өткізілуінің және ұйымдастырылуын қамтамасыз ету. Тұрғындардың санитарлық-эпидемиялық игілігін қамтамасыз ету бойынша денсаулық сақтау жүйесі жұмысының үйлестірілуін жүзеге асыру. Шығармашылық одақ, саяси-қоғамдық, діни, ардагерлер ұйымдарымен, ғылыми-мәдени орталықтарымен, саяси партиялармен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру. Жетекшілік ететін мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау. Қазақсан Республикасының заңнамасында берілеген мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен өтініштерін қарау.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

     Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі.

     Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

     Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

     Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

     Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

     Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім;

2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 жұмыс күні, ол конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

______________________

 (мемлекеттік орган)

Өтініш

     

Мені____________________________________________________________________

________________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

     

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________

________________________________________________________________________

________                                               ____________________________________

            (қолы)                                                  (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

Яндекс.Метрика
© 2019 "Нұр-Сұлтан қаласы "Есіл" ауданы әкімінің аппараты" ММ.
Сайтты әзірлеу және сүйемелдеу – Helena Burbel.