Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

Астана қаласы "Есіл"ауданы әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: 

Жоғары білім;E-3 санаты бойынша:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру

ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы;

- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрагасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелінген бұйрығына сәйкес.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

           Еңбек сіңірген жылдарына байланыстыСанат

min                max                                  

    E-3                     263596                     343820

 Астана қаласы "Есіл"ауданы әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі,  пошта мекенжайы: Қабанбай Батыр даңғ, 33 үй,  анықтама телефоны: 55-7381,  e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

  1. 1. Астана қаласы "Есіл"ауданы әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі тыныс тіршілікті қамтамасыз ету бөлімінің бөлім басшысы, E-3 (1 бірлік)

 Бөлім жұмысына жалпы басшылық жасау, аудан әкімінің өз саласы бойынша берілген тапсырмалары мен шешімдерін уақтылы орындау. Аудан тұрғын үй кешендерін қысқы-күзгі кезеңге дайындау және өткізу бойынша шаралардың орындалуын қамтамасыз ету, қызмет көрсететін ұйымдардың (ПИК, ЖҚК, ӨК, ЖК, ЖШС және т.б.) жұмыстарына мониторинг жүргізу. Ауданның қалыпты тіршілігін қамтамасыз ету үшін, иеліктің барлық түріндегі жетекшілік ететін кәсіпорындарға нақты үзіліссіз жұмысқа жәрдем етуді, жылыту мерзімін дайындау және өткізу бойынша шараларды іске асыруға мониторинг жүргізу. Тіршілікті қамтамасыз ету, тұрғын үй қорының қызметін үйлестіру және бақылау, инженерлік желілердің жағдайы (апатты жағдайда орынға шығу, қаланың коммуналдық меншігіндегі ашық құдықтарды саралау, оларды коммуналдық ұйымдардың уақытылы жабуына шаралар қабылдау). Инженерлік желілерді төсеу бойынша жер қазу, тұрғын үй қорларының аумағында басқа да жұмыстарды жүргізу. Бағытталған мәселелер бойынша Астана қаласы тұрғын үй, құрылыс, жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау, сәулет және қала құрылысы, энергетика, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, тұрғын үй инспекциясы, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы және басқа да мемлекеттік мекемелермен, аудандық құрылымдармен, тіршілікті қамтамасыз ету кәсіпорындарымен (энергетика, электр, жылу және сумен қамтамасыз ету, газдандыру және лифттік шаруашылық) жұмыс атқарады. Жетекшілік ететін бөлім бойынша Аудан әкімінің баяндамасы бойынша құзыретіндегі нұсқау және аналитикалық ақпарат жинау. Атқарылған жұмыс бойынша ішкікварталдық кіріспелік есебін дайындау. Әлеуметтік желілерде Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің парақшасына келген өтініштерді лезде қарастыру. Әлеуметтік желілерде электр, жылу-, сумен жабдықтаудың өшірілуі туралы ақпараттандыру. Қазақсан Республикасының заңнамасында берілеген мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен өтініштерін қарау.

Функционалдық міндеттері: жоғары білім: техникалық ғылымдар және технологиялар, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

     Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі.

     Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

     Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

     Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

     Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

     Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім;

2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 жұмыс күні, ол конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

______________________

 (мемлекеттік орган)

Өтініш

     

Мені____________________________________________________________________

____________________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

     

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________

________________________________________________________________________

________                                               ____________________________________

            (қолы)                                                  (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

Яндекс.Метрика
© 2019 "Нұр-Сұлтан қаласы "Есіл" ауданы әкімінің аппараты" ММ.
Сайтты әзірлеу және сүйемелдеу – Helena Burbel.