«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 Нұр-Сұлтан қаласы 'Есіл'ауданы әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі  

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: 

E-4 санаты бойынша: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Жоғары немесе жоғарыдан кеінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

 «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

Санат           Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

                                   min                max

    E-4                     195895                     255514

Нұр-Сұлтан қаласы «Есіл» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай Батыр даңғылы, 33 үй,  304 кабинет,  анықтама үшін телефондары: 8(7172) 55-73-81, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. «Б» корпусының төменгі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

  1. Нұр-Сұлтан қаласы "Есіл" ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы, E-4 (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Жоғары тұрған мекемелердің нұсқаулық құжаттарын жүзеге асыруда білім, ақпараттық саясат мәселелері бойынша мәліметтерді дайындау және өз құзыреті шегінде олардың орындалуын қадағалау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша уәкілетті органдармен, қала әкімдігінің баспасөз қызметімен, БАҚ, сондай-ақ, мектепке дейінгі білім беру мекемелерімен, мектептермен, колледждермен және жоғары оқу орындарымен өзара қарыс-қатынас жасау. Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында есірткіні пайдаланудың алдын алуға бағытталған бағдарламаларды іске асыру шараларына бақылау жүргізу. Ауданның білім беру нысандарының іргелес аумақтарының санитарлық жағдайына, абаттандырылуына бақылау жасау. «Есіл» ауданының әкімінің аппараты қызметінің ақпараттық сүйемелдеуін жүзеге асыру. Медиа-жоспар, БАҚ үшін баспасөз релиздері, ақпараттық материалдарды дайындау. «Есіл» ауданы әкімінің аппаратының ресми интернет қорының, әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларының жұмыс істеуін қамтамасыз ету және ақпаратпен толтыру. БАҚ дайджестін құрастыру, газеттерді тігу. БАҚ және әлеуметтік желілерінің мониторингін жасау. Халықпен кері байланыс жасау. Басшылықтың құттықтау сөздерін, құзыретке қарайтын саласының мәселелері бойынша баяндамаларын дайындау. Алғыс хаттар, құттықтау хаттар, дипломдар дайындау.Тұрғындардың аудандық, қалалық, республикалық деңгейдегі іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету. Атқарылған жұмыс туралы есептер, жиналыстарға ақпараттық материалдар, жұмыс жоспарларын дайындау. Құзыретке қарайтын саласының мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау. Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен өтініштерін қарау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  жоғары білім, орта білімнен кейнгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: білім (құқық және экономика негіздері және/немесе кәсіптік оқыту және/немесе тарих); гуманитарлық ғылымдары (халықаралық қатынастар және/немесе тарих және/немесе мәдениеттану); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (менеджмент және/немесе экономика және/немесе журналистика, қоғаммен байланыс және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару)

     Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

     Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

     Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі.

     Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

     Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

     Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

     Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

     Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

2) құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

3) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

4) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

5) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

6) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

7) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

8) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаул;

10) құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 7 жұмыс күні, ол конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы:

C-R-5, E-4, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4, E-5 санаттары үшін:

Мемлекеттік тілді білуге арналған тест (20 сұрақ) ұзақтығы 20 минут, Қазақстан Республикасының Конституциясы (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы (15 сұрақ), Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы (15 сұрақ), ҚР жергілікті мем. басқару және өзін-өзі басқару туралы  (15 сұрақ), Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы (15 сұрақ), Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы (15 сұрақ), ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (10 сұрақ).

Бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (100 сұрақ) кем дегенде 50 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 85 минутті құрайды.

"Б" корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының қосымшасы

          Нысан

      __________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

      Мені___________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      _______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу

      қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

      ________________________________________________________________________

           ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

      Мекен жайы және байланыс телефоны_______________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________                                          ____________________________________

       (қолы)                                          (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      "___"_______________ 20 __ ж.

          "Б" корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының қосымшасы

          Нысан

"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

_____________________________________________

тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /

фамилия, имя, отчество (при наличии)    

ФОТО

(түрлі түсті/ цветное,

3х4)

_____________________________________________

лауазымы/должность, санаты/категория

(болған жағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

  1. Туған күні және жері/

Дата и место рождения

  1. Ұлты (қалауы бойынша)/

Национальность (по желанию)

  1. Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/

Год окончания и наименование учебного заведения

  1. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /

Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

  1. Шетел тілдерін білуі/

Владение иностранными языками

  1. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /

Государственные награды, почетные звания (при наличии)

  1. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /

Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

  1. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
  1. Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/

Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/

приема босатылған/

увольнения

_____________________

Кандидаттың қолы/

Подпись кандидата _______________

күні/дата

Яндекс.Метрика
© 2019 "Нұр-Сұлтан қаласы "Есіл" ауданы әкімінің аппараты" ММ.
Сайтты әзірлеу және сүйемелдеу – Helena Burbel.