Санитарлық тазалықты ұстау және абаттандыру сұрақтары бойынша әкімнің орынбасары

uahitov

Уахитов Елнар Бекенұлы 1981 жылдың 6 шілдесінде дүниеге келген. Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Мамандығы бойынша заңгер, есеп және аудит бакалавры, есеп және аудит магистрі, цифрлық мемлекеттік басқару магистрі. Еңбек жолын Қарағанды қаласының ірі жылу энергетикалық компаниясында бастаған.

Бұдан әрі, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің «Маркетингтік-талдамалық зерттеу орталығы» АҚ-да жұмыс жасаған.

2006 жылы мемлекеттік қызметке ауысады. Қарағанды облысы әкімі орынбасарының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша консультанты болып жұмыс жасайды. 2008 жылдан бастап Қарағанды облысының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары.

2009 жылы Қарағанды облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы бөлімі меңгерушісінің қызметін атқарады.

2010 жылы – ҚР-ның Индустрия және жаңа технологиялар министрінің кеңесшісі. Келесі жылдары Қарағанды облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшылық лауазымдарында, Шахтинск қаласы әкімі орынбасарының қызметінде жұмыс жасайды.

2017 жылдан бастап Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің орынбасары.

 

Тұрғын-үй коммуналды шаруашылық, инфрақұрылым және құрылыс мәселелер бойынша әкімнің орынбасары

kayrzhanovҚайржанов Әнуар Талғатұлы 1986 жылдың 27 наурызында дүниеге келген. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін инженер-механик мамандығы бойынша бітірген. Мемлекеттік қызметте 2008 жылдан бастап жұмыс жасайды. 2010 жылы Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының абаттандыру бөлімін басқарады. 2012 жылы «Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының өндірістік-техникалық бөлімі басшысының лауазымына ауыстырылды. 2013 жылдан бастап Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің орынбасары.

Ішкі саясат, әлеуметтік сала және кәсіпкерлік мәселелер бойынша әкімнің орынбасары

Сапарбаев Жансұлтан Бердібекұлы 1991 жылдың 8 ақпанында дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, халықаралық қатынастар бакалавры, гуманитарлық білім магистрі мамандығы бойынша бітірген. 2012 және 2014 жылдары «Қазақмыс Корпорация» ЖШС әр түрлі лауазымда жұмыс істеді. 2015 жылы «Ұлттық басқарушы холдинг «Бәйтерек» АҚ басқарма төрағасының хатшылық - кеңесшісінің басшысы болып тағайындалды. 2016 жылы «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ басқарушы директоры болып жұмыс істеді. 2016 жылдан бастап мемлекеттік қызметте жұмыс істейді, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің кеңесшісі болып тағайындалды. 2017 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігінің талдау және бағалау аймақтары департаментінің өңіраралық ынтымақтастық басқармасын басқарды. 2018 жылға дейін Нұр-Сұлтан қаласы «Сары-Арқа» ауданы әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс істеді. 2019 жылдың 14 наурызынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы «Есіл» ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істейді.

«Есіл» ауданы әкімінің аппараты басшылығының кірістері туралы ақпарат

№ р/с

Лауазым атауы

Аты-жөні

Ағымдағы кезендегі жалақы, теңге

1.      

Аудан әкімі

Жакенов Берік Оралұлы

614 454

2.      

Аудан әкімінің орынбасары

Қайржанов Ануар Талғатұлы

477 191

3.      

Аудан әкімінің орынбасары

Сапарбаев Жансұлтан Бердібекұлы

388 719

4.      

Аудан әкімінің орынбасары

Уахитов Елнар Бекенұлы

436 578

Яндекс.Метрика
© 2019 "Нұр-Сұлтан қаласы "Есіл" ауданы әкімінің аппараты" ММ.
Сайтты әзірлеу және сүйемелдеу – Helena Burbel.