Ішкі саясат, әлеуметтік сала және кәсіпкерлік мәселелер бойынша әкімнің орынбасары

Сапарбаев Жансұлтан Бердібекұлы 1991 жылдың 8 ақпанында дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, халықаралық қатынастар бакалавры, гуманитарлық білім магистрі мамандығы бойынша бітірген. 2012 және 2014 жылдары «Қазақмыс Корпорация» ЖШС әр түрлі лауазымда жұмыс істеді. 2015 жылы «Ұлттық басқарушы холдинг «Бәйтерек» АҚ басқарма төрағасының хатшылық - кеңесшісінің басшысы болып тағайындалды. 2016 жылы «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ басқарушы директоры болып жұмыс істеді. 2016 жылдан бастап мемлекеттік қызметте жұмыс істейді, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің кеңесшісі болып тағайындалды. 2017 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігінің талдау және бағалау аймақтары департаментінің өңіраралық ынтымақтастық басқармасын басқарды. 2018 жылға дейін Нұр-Сұлтан қаласы «Сары-Арқа» ауданы әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс істеді. 2019 жылдың 14 наурызынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы «Есіл» ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істейді.

Яндекс.Метрика
© 2019 "Нұр-Сұлтан қаласы "Есіл" ауданы әкімінің аппараты" ММ.
Сайтты әзірлеу және сүйемелдеу – Helena Burbel.