Санитарлық тазалықты ұстау және абаттандыру сұрақтары бойынша әкімнің орынбасары

Тұрдыбеков Ришат Уалиханұлы 1979 жылы 25 қарашада туылған. Заңгер мамандығы бойынша Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған. 2001-2005 ж.ж. аралығында Алматы қ. "Автолизинг Казахстан" ЖШС-де заңгер, қаржы директоры болып жұмыс істеген. Мемлекеттік қызметте 2005 жылдан бастап жұмыс істейді. 2005-2009 ж.ж. аралығында Астана қаласы "Алматы" ауданы әкімі аппараты тіршілікті қамтамасыз ету бөлімінің,  абаттандыру бөлімінің, өндірістік-техникалық бөлімнің бас маманы болып қызмет атқарған. 2009-2011 ж.ж. аралығында Астана қаласы әкімі аппараты қала өмірі тіршілігін қамтамассыз ету және инфрақұрылымды дамыту бөлімінің бас маманы, меңгерушісі болып қызмет атқарған. 2011 жылдың желтоқсанынан бастап 2019 жылдың наурызына дейін Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған. 2019 жылдың 10 сәуірінен бастап Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің орынбасары ретінде жұмысқа кірісті.

Яндекс.Метрика
© 2019 "Нұр-Сұлтан қаласы "Есіл" ауданы әкімінің аппараты" ММ.
Сайтты әзірлеу және сүйемелдеу – Helena Burbel.