Жакенов Берік Оралұлы

1978 жылғы 25 тамызда Целиноград (қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы) қаласында  дүниеге келген. «Экономист» мамандығы бойынша Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін аяқтаған, Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетінде «Мемлекеттік және жергілікті  басқару» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолы:

Қазақстан Республикасының Салық полициясы органдары, Көкшетау қаласы (2000ж.);

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 83205 ә/б қызметі (2001ж.);

Салық қызметтері органдары, Астана қаласы (2002-2007жж.);

Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі (2007-2009жж.);

Қарағанды облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары (2009-2010жж.);

 «Нұр Отан» ХДП хатшылығының меңгерушісі, Астана қаласы (2010-2011жж.);

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде қызмет (2011-2014жж.);

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Сарырарқа» ауданы бойынша Салық басқармасының басшысы (2014-2015жж.);

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысы хатшылығының меңгерушісінің орынбасары (2015ж.);

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы (2015-2016жж.);

Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппаратының басшысы (2016-2019жж.);

Нұр-Сұлтан қаласы «Есіл» ауданының әкімі (02.07.2019 жылдан бастап).

Яндекс.Метрика
© 2019 "Нұр-Сұлтан қаласы "Есіл" ауданы әкімінің аппараты" ММ.
Сайтты әзірлеу және сүйемелдеу – Helena Burbel.