Балалар мерекесі күні "Есіл" ауданының аулаларында да өтті. "Астана ЖилСервис НС" ЖШС қызмет көрсету компаниясының  "BI-Service" дивизионымен "Номад" және "Сармат" тұрғын үй кешендерінің балалары үшін мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Думанды-Сарыарқа

Бүгін аудан аумағында астананың 20-жылдығының құрметіне "Думанды-Сарыарқа" іс-шарасы бастау алды. "Пригородный" және "Үркер" тұрғын алаптарының алаңдарында шығармашылық ұжымдардың концерттері өтті. Халықаралық балаларды қорғау күнінің құрметіне кішкентай көрермендер үшін әртістер мен  би ұжымдарының қатысумен мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Балаларды әсіресе сайқымазақтар, үйретілген жануарлар мен мультфильм кейіпкерлері қатты қуантты.

Бүгін аудан бойынша санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізуге 139 бірлік арнайы техника мен  658 жұмысшы тартылды.Күн қорытындысы бойынша "Saranda Vip Қалашығының " ауданында көгал шабылды, орталық квадрат және тұрғын үй массивтерінде санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді.

Непогода

Есіл ауданының мердігер ұйымдары күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Барлық күштер ауа-райының қолайсыздығын жоюға арналған. 

28 сәуір күні  "Есіл"ауданының аумағында бастау алған жемқорлыққа қарсы "Адал жол – Честный путь" марафоны бүгін "Сарыарқа" ауданына көшті. "Есіл" ауданы әкімінің кеңесшісі Акылбек Оразғұлов эстафета алауын "Сарыарқа" ауданы әкімі Аппаратының әкім орынбасары Талғат Рахмандердіге табыстады.

26 мамыр күні № 78 мектеп-гимназиясында"Есіл" ауданының мектеп командалары арасында, Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған, футбол бойынша турнир өтті. Барлығы 9 команда қатысты.

Жарыс соңында жеңімпаздар кубоктармен, дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. "Үздік ойыншы" номинациясын Тіленшин Ільяс, "Үздік шабуылшы" - Ниязымбетов Қанат, "Үздік қақпашы" - Амангелді Әділет жеңіп алды.

Өткен аптада әкім Аппаратымен "Есіл" ауданы ІІБ ЖПҚ-мен бірлесіп, "Абаттандыру ережесінің" нормалары мен талаптарын бұзғаны үшін, әкімшілік жауапкершілікке келесі құрылыс иелерін тартты:   "China Rialway Asia-Europe" ЖШҚ, "Новые Технологии и Сервис" ЖШС, "МАИР-7" ЖШС және "Master Construction" ЖШС.