Футбол бойынша турнир

26 мамыр күні № 78 мектеп-гимназиясында"Есіл" ауданының мектеп командалары арасында, Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған, футбол бойынша турнир өтті. Барлығы 9 команда қатысты.

Жарыс соңында жеңімпаздар кубоктармен, дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. "Үздік ойыншы" номинациясын Тіленшин Ільяс, "Үздік шабуылшы" - Ниязымбетов Қанат, "Үздік қақпашы" - Амангелді Әділет жеңіп алды.

Нәтижесінде 1-орынды № 78мектеп-гимназиясы, 2-орынды - Республикалық физика-математикалық мектебі және 3 орынды - № 75 мектеп-гимназиясы иеленді.