OPEN AKIMAT ашылуы

Бүгін «Есіл» ауданы әкімдігінде OPEN AKIMAT ашылуы өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов және «Есіл» ауданының әкімі Берік Жакенов қатысты.

OPEN AKIMAT – бұл халықтың түрлі қызметтерді «бір терезе» қағидаты арқылы алатын «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында құрылған алаң. Тұрғындарға Жұмыспен қамту орталығы, Тұрғын үй қоры, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, Қазпошта және аудан әкімдігінің қызметкерлері кеңес береді.

Continue Reading

Көшелерді жарықтандыру

Елорданың түнгі келбетін қалыптастыруда көше жарығы маңызды рөл атқарады. Сол жағалаудың аумағын сапалы жарықтандыру үшін "Есіл" ауданының әкімдігі үнемді жарықдиодты шамдарды пайдаланады. Олар жарық, ұзақ уақытқа дейін жарамды және электр энергиясының үштен бір бөлігін аз тұтынады.

Continue Reading

Жолдауын талқылау

Бүгін «Есіл» ауданы әкімдігінде актив жиналасында Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын талқылады. Кездесу аудан әкімі Берік Жакенов, аудандық құрылымдардың басшылары, әлеуметтік сала мекемелері, ПИК өкілдері, мемлекеттік қызметкерлерінің және т.б. қатысуымен өтті.

Continue Reading

«Есіл» ауданының полиция басқармасының жаңа ғимараты ашылды

Бүгін «Есіл» ауданында аудандық Полиция басқармасының жаңа ғимаратының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға қала әкімі Алтай Көлгінов, аудан әкімі Берік Жакенов және қалалық Полиция департаменті басшылығы қатысты. «Есіл» ауданының Полиция басқармасының жаңа ғимаратында бұрын жалға алынған үй-жайлардың икемсіз жағдайында жұмыс атқарған барлығы 400-ден аса қызметкер жұмыс жасайтын болады.

Continue Reading

«Есіл» ауданында «Жолда қабылдау» акциясы өтіп жатыр

Республикамызда «Жолда қабылдау» акциясының кезекті кезеңі өтіп жатыр. «Mega Silk Way» СОО жанында, Ақмешіт көшесінің жағынан, азаматтарды қабылдау өтіп жатыр, оған «Есіл» ауданы әкімдігінің қызметкерлері мен аудан әкімі қатысты.

Continue Reading

Есіл өзенінің бойында сенбілік өткізілді

«Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Нұр-Сұлтан қаласы «Есіл» ауданының әкімдігімен бірлесіп Есіл өзенінің бойында сенбілік өткізді. Аталған шараға 100-ден астам белсенді қызметкерлер қатысты.

Continue Reading

Аулаларынды жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары

«Олимп Палас-1» тұрғын үй кешені тұрғындарының өтініші бойынша аулада жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары: спорт және балалар алаңдарын, кішігірім архитектуралық нысандарды, жаттығу тренажерлерін сырлау және жөндеу, футбол алаңын қоршап тұрған торды ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгін таңда ойын алаңына құм әкелінді.

Continue Reading

Яндекс.Метрика
© 2019 "Нұр-Сұлтан қаласы "Есіл" ауданы әкімінің аппараты" ММ.
Сайтты әзірлеу және сүйемелдеу – Helena Burbel.