Аудан әкімі қонақ үй бизнесі, сауда орталығы және мәдени-демалыс нысандарының өкілдерімен кездесті

Бүгін аудан әкімі Б.Жакенов аудандағы қонақ үй бизнесі, сауда орталығы және мәдени-демалыс нысандарының өкілдерімен кездесті, оның барысында қызмет көрсету сапасын жақсарту, санитарлық тазарту, абаттандыру, сондай-ақ осы нысандарды көгалдандыру мәселелері талқыланды.

Қатысушылармен кездесу барысында аудан әкімі күнделікті аралау барысында анықталған (11 сектор) іргелес аумақтарды абаттандыру бойынша кемшіліктер мен ескертулерге назарларын аудартып, тез арада тиісті шаралар қабылдау бойынша міндеттер қойды.

Сонымен қатар, тұрғындардан халықаралық стандарттарға сәйкес келмейтін қызметтердің сапасына қатысты бірнеше рет шағымдар келіп түскен болатын.

«Қонақтар мен тұрғындардың қолайлы және жайлы жағдайлар жасау - біздің жұмысымыздың басым бағыты»,- деп атап өтті аудан әкімі Б.Жакенов.

Абаттандыру ережелеріне сәйкес ғимараттарды, құрылыстарды пайдаланатын барлық заңды және жеке тұлғалар абаттандыру шараларын жүргізуге міндетті.

Бұл қонақ үй кешенінің кәсіпорындары да қатысты екенін атап өту керек.

Яндекс.Метрика
© 2019 "Нұр-Сұлтан қаласы "Есіл" ауданы әкімінің аппараты" ММ.
Сайтты әзірлеу және сүйемелдеу – Helena Burbel.