Ауданда аулаларды абаттандыру жұмыстары жалғасуда

«Есіл» ауданы әкімдігі бүгінгі таңда Мәңгілік Ел даңғылы, 22 «Астана Жұлдызы» ТК және Сауран көшесі, 20 үй мекенжайында орналасқан аула аумақтарында аталған тұрғын үй кешендерінің тұрғындарының өтініштері бойынша абаттандыру жұмыстарын жүргізуде.

Әкімдікпен бұл жерлерде спорт және балалар алаңын орнату жоспарланып отыр.

Таза ауада спортпен айналысу үшін қолайлы жағдай жасауға аса назар аударылады.  Қазіргі кезде доп ұшып кетпесі үшін арнайы тормен қоршалған, жасанды көгалдандырылған футбол алаңы, стритболға арналған алаң, құмсалғыш, балансир және «Work out» орналастыру бойынша, сондай-ақ, тақтайлы бүркемені ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

Ауданымыздағы аулаларды абаттандыру жұмыстары жалғасуда.

Яндекс.Метрика
© 2019 "Нұр-Сұлтан қаласы "Есіл" ауданы әкімінің аппараты" ММ.
Сайтты әзірлеу және сүйемелдеу – Helena Burbel.