Бүгін – «Халықаралық қарттар күні»

Қазанның бірі бүкіләлемдік қауымдастықта «Қарттар күні» болып белгіленген. Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады.

Осы орайда білім беру ордаларында, спорт мекемелерінде мәдени-спорттық шаралар, танымдық кештер өткізіліп, №2 қалалық емханасында тегін медициналық қызметтер көрсетілуде, сондай-ақ кинотеатрларда тегін фильм көрсетілімі мен Астана опера және балет театрында тегін қойылымдарды көрсету ұйымдастырылды. Сонымен қатар 12 емханада зейнетақы, медицина, тұрғын үй және т.б. мәселелер бойынша «Ашық есік күндері» өткізілуде. Қарт сыйлаған адам – ел сыйлаған деп қазақтар бекер айтпаған. Сол үлгімен жақсы шараларға білім беру, спорт, медицина мекемелерімен қоса кәсіпкерлеріміз де ат салысуда.

Осындай тектес игі шаралардың жалғасы ретінде бүгін айтулы мереке аясында "Grand Hall Astana" мейрамханасы ұжымының қолдауымен қарияларымызға мерекелік дастархан жайылып, өнер ұжымдарының концерттік бағдарламасы қойылды.

Яндекс.Метрика
© 2019 "Нұр-Сұлтан қаласы "Есіл" ауданы әкімінің аппараты" ММ.
Сайтты әзірлеу және сүйемелдеу – Helena Burbel.