Бүгінгі күннің батырлары!

Бүгін елордалық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері – «Есіл» ауданы бойынша Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері Заку Диас және Көкшетау техникалық институтының курсанты Аманжолов Серік Хабар 24 телеканалымен бірігіп рейд жұмыстарын жүргізу барысында ерлі-зайыптыларды құтқарды.

Өзенде жүзіп жүрген ер адам мен суға кетіп бара жатқан әйелді  көрген құтқарушылар бірден суға секірген.

Әйелді жағаға алып келді де, ер адамды құтқару үшін қайтадан суға сүңгіді. Суға кетіп бара жатқан жігітті құтқаруға оқиға орнында балық аулап жүрген балықшы құтқарушылармен бірге суға секіріп көмектесті.

Құйылмалы бөгетте жүзіп жүрген әйелді ағын су алып кеткен, ал жұбайын суға батып бара жатқанын көрген ер адам артынан өзі барғанда, оны да ағын су иіріміге қарай алып кетеді.

Құтқарушы мен курсанттың және балықшының кәсіби және жедел әрекетінен ер адам да құтқарылып аман қалды.  Осылайша үлкен қайғылы оқиғаның алды алынды!

Бүгінгі біздің батырларымыз – Диас Заку Нұр-Сұлтан қаласының «Есіл» ауданы бойынша Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері, Көкшетау қаласының тумасы, 2017 жылы Көкшетау техникалық университетін бітірген, Аманжолов Серік Павлодар облысының Екібастұз қаласында дүниеге келген, қазіргі кезде «Есіл» ауданы бойынша Төтенше жағдайлар басқармасында тәжірибеден өтіп жатыр. Және де ер адамды құтқаруға көмектескен Жами Руслан 1987 жылғы, Щучинск қаласының тумасы.

Нұр-Сұлтан Төтенше жағдайлар департаменті суға қатысты қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаудың қажеттілігін тағы да еске салады! Өзіңіздің және жақын адамдарыңыздың қамын ойлаңыз!

Яндекс.Метрика
© 2019 "Нұр-Сұлтан қаласы "Есіл" ауданы әкімінің аппараты" ММ.
Сайтты әзірлеу және сүйемелдеу – Helena Burbel.