Баспасөз хабарламасы

Астана қаласы, №59 мектеп-лицейінде  2019 жылдың 15 наурыз күні, 09.00-де  Астана қаласы білім басқармасы Білім беруді  жаңғырту орталығына қарасты білім беру ұйымдарының қатысуымен  «SAMGAU» кәсіби қоғамдастығы аясында  «ІТ  mektep – тұлғаның интеллектуалды-шығармашылық әлеуетін дамытудың ақпараттық ортасы» тақырыбында  семинар болады.

Семинардың мақсаты

Ақпараттық технология мүмкіндіктерін кеңінен қолдану арқылы  тұлғаның зияткерлік әлеуетін  дамыту барысындағы  тәжірибелерімен бөлісу.

Семинарға қатысушылар:

Білім басқармасының  бас мамандары және  Астана қаласы білім беруді жаңғырту орталығының директоры Ибраева Г.К. мен әдіскерлері, мектеп директорының ақпараттық ісі жөніндегі орынбасарлары және Астана қаласының білім беру ұйымдарының  информатика, математика, физика, химия, биология, ағылшын тілі, бастауыш сынып  мұғалімдері  және «SAMGAU» кәсіби қоғамдастығына мүше №3МГ, 46 БМК, 15МЛ, 13ОМ мектептердің информатика, математика, физика, химия, биология, ағылшын тілі, бастауыш сынып  мұғалімдері   қатысады.

Семинардың  мазмұны:

Семинар аясында «ІТ  KO’RME - 59» Ақпараттық технологиялар және цифрлық білім беру жаңалықтары көрсетіледі. Көрмеде мектебіміздің Әлеуметтік серіктестері:

 Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ақпараттық технология лабораториясының  аға ғылыми қызметкері, «ҚазҒЫЛЫМ»  білім беру орталығы Пилотты жоба Smart school 59 «Иновационная школа интернет технологии ISIT»,  ЖШС Астана Профи Консалтинг «Pasco» компаниясы және ЖСШ «TKR holding»  өз салалары бойынша семинарға қатысушылармен  жаңалықтарымен бөліседі.   Семинарға қатысушыларға арналған  Композиция Digital-флешмоб ақпараттық технология мазмұнын қамтиды. Сонымен қатар семинардың теориялық бөлімінде №59 мектеп-лицей  директоры Жумабекова Алма Алтынхановна   және «ІТ  mektep құрылым жобасы» - №59 мектеп директорының ақпараттық ісі жөніндегі орынбасары Атантаева Ақмарал Кеулімжаевна таныстырады.

Семинардың  Практикалық  бөлімінде ашық сабақтар, шеберлік сыныптар, Билингвалды білім беру жүйесі, TED x конференция, электронды  медиа-ресурстарды  этномәдениет жағдайында қолдану яғни қазақ ертегісі «Ер Төстік» АКТ қойылымы ретінде көрсетіледі.

Сабақтардың барлық кезеңінде АКТ-ның негізгі құралы ретінде  bilimland.kz, itest.kz, imektep.kz, twig-bilim.kz  т.б. ресурстар кеңінен қолданылады.

Яндекс.Метрика
© 2019 "Нұр-Сұлтан қаласы "Есіл" ауданы әкімінің аппараты" ММ.
Сайтты әзірлеу және сүйемелдеу – Helena Burbel.