«Есіл» ауданында «Жолда қабылдау» акциясы өтіп жатыр

Республикамызда «Жолда қабылдау» акциясының кезекті кезеңі өтіп жатыр. «Mega Silk Way» СОО жанында, Ақмешіт көшесінің жағынан, азаматтарды қабылдау өтіп жатыр, оған «Есіл» ауданы әкімдігінің қызметкерлері мен аудан әкімі қатысты.

Сонымен қатар, Нұр Сұлтан қаласының «Есіл» ауданында «Жолда қабылдау» акциясы аясында «Аулаларда қабылдау» акциясы келесі мекенжайларда өткізіледі: Ұлы Дала көш., 11/3 «Арман қала» ТК, Тұран даңғ., 55 «Алтын шар» ТК, Сарайшық көш., 5, «Лазурный Квартал» ТК және Сауран көш., 3/1 «Сармат» тұрғын үй кешендерінде, және онда әкімдік өкілдерімен, тұрғын үйлердің ПИК қызметкерлерімен бірге полиция қызметкерлері азаматтардың сұрақтарына жауап береді.

Акция барысында азаматтар өздерін толғандырған мәселелерін шешуге тікелей, алдын ала жазылмай-ақ хабарласа алады. Сондай-ақ, тұрғындар ЖАО ұсынатын мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат ала алады.

Яндекс.Метрика
© 2019 "Нұр-Сұлтан қаласы "Есіл" ауданы әкімінің аппараты" ММ.
Сайтты әзірлеу және сүйемелдеу – Helena Burbel.