«Есіл» ауданының әкімі Берік Джакенов азаматтардың жеке қабылдауын жүргізді

Әр аптаның бейсенбі күндері аудан әкімі азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдайды. 26 қыркүйекте 10-ға жуық азамат өз талап-тілектерімен жүгінді. Қабылдауға келгендердің дені баспанамен қамту, материалдық көмек көрсету, сондай-ақ қаланы абаттандыру, яғни үйлер мен жолдарды жарықтандыру, асфальттау, қосымша қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету және т.б. мәселелерді қозғады.

Аудан басшысы қабылдауға келген әрбір әрбір тұрғынның өтініштерін мұқият тыңдап, тиісті бөлім басшыларына мәселелерді түпкілікті шешу үшін нақты тапсырмалар берді.

Қабылдауға жазылу 55-73-83 байланыс нөмірі арқылы жүргізіледі.

Яндекс.Метрика
© 2019 "Нұр-Сұлтан қаласы "Есіл" ауданы әкімінің аппараты" ММ.
Сайтты әзірлеу және сүйемелдеу – Helena Burbel.