Көше жарығын орнату жұмыстары жүргізілуде

«Есіл» ауданының әкімдігі Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгіновтің тапсырмасын орындау мақсатында, сонымен қатар «Үркер» тұрғын үй алқабы тұрғындарының өтініштерін ескере отырып, көше жарығын орнату жұмыстарын жүргізуде.

Ағымдағы жылдың 13 тамызындағы жағдай бойынша Ә.Қашаубаев көшесінде 18 шам орнатылды, Баян батыр көшесінде 20 шам орнату жұмыстары жүргізілуде. «Үркер» ТА Исатай батыр көшесі бойында 70 шам орнатылады деп жоспарлануда.

Яндекс.Метрика
© 2019 "Нұр-Сұлтан қаласы "Есіл" ауданы әкімінің аппараты" ММ.
Сайтты әзірлеу және сүйемелдеу – Helena Burbel.