Көшелерді жарықтандыру

Елорданың түнгі келбетін қалыптастыруда көше жарығы маңызды рөл атқарады. Сол жағалаудың аумағын сапалы жарықтандыру үшін "Есіл" ауданының әкімдігі үнемді жарықдиодты шамдарды пайдаланады. Олар жарық, ұзақ уақытқа дейін жарамды және электр энергиясының үштен бір бөлігін аз тұтынады.

Шамдар Мәңгілік Ел даңғылы ("М1" көпірінен Ұлы Дала даңғылына дейін), Қабанбай батыр даңғылы ("Рамстор" көпірінен Мәңгілік Ел даңғылына дейін) бойынша және М1 көпірімен алмасып 1066 жаңа шам орнатылған. Қыркүйек айының соңына дейін тағы 870 орнату жоспарланған.

Ажыратылған шамдар жақсы жағдайда сақталған. Оларды "Үркер", "Пригородный" және "Шұбар" тұрғын алаптарының көшелерін жарықтандыру үшін орнатады.

Яндекс.Метрика
© 2019 "Нұр-Сұлтан қаласы "Есіл" ауданы әкімінің аппараты" ММ.
Сайтты әзірлеу және сүйемелдеу – Helena Burbel.