OPEN AKIMAT ашылуы

Бүгін «Есіл» ауданы әкімдігінде OPEN AKIMAT ашылуы өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов және «Есіл» ауданының әкімі Берік Жакенов қатысты.

OPEN AKIMAT – бұл халықтың түрлі қызметтерді «бір терезе» қағидаты арқылы алатын «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында құрылған алаң. Тұрғындарға Жұмыспен қамту орталығы, Тұрғын үй қоры, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, Қазпошта және аудан әкімдігінің қызметкерлері кеңес береді.

Залда келушілерге ыңғайлы жағдай жасалған: кітапхана, балалар бұрышы, кофе-бар орналасқан. Келіссөздер бейнежазбасымен азаматтарды қабылдау бөлмесі жабдықталған.

OPEN AKIMAT жұмыс уақыты: жұмыс күндері сағат 8.30-дан 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Мекенжай: Қабанбай батыр даңғылы, 33, 1 қабат.

Яндекс.Метрика
© 2019 "Нұр-Сұлтан қаласы "Есіл" ауданы әкімінің аппараты" ММ.
Сайтты әзірлеу және сүйемелдеу – Helena Burbel.