ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ЖЕР-ЖЕРДЕ ТҮСІНДІРІЛУДЕ

«Есіл» ауданында Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша кездесулер өтуде.

Еңбек ұжымдарының бас қосуы №17 мектеп-гимназиясында, Халықаралық мектепте, Назарбаев Университетінде, Республикалық диагностикалық орталығында, Ұлттық балаларды оңалту орталығында, Ұлттық нейрохирургия орталығы мен Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, сонымен қатар, Астаналық цирк пен Велосипед спорты бойынша олимпиадалық даярлық орталықтарында өткізілген.

Спикерлер Жолдаудың «Заман талабына сай тиімді мемлекет», «Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету», «Қарқынды дамыған және инклюзивті экономика», «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі», «Қуатты өңірлер – қуатты ел» атты 5 негізгі бағытын түсіндірді.

Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасын таппақ.

Яндекс.Метрика
© 2019 "Нұр-Сұлтан қаласы "Есіл" ауданы әкімінің аппараты" ММ.
Сайтты әзірлеу және сүйемелдеу – Helena Burbel.