Құрметті тұрғындар! Қадірлі оқырмандар!

Сіздерді Елорда күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 1998 жылы Есілдің бойындағы қала ел астанасы атынып, бүгінгі таңда барша ұлт пен ұлыстың басын қосқан бірлік мекеніне айналды.  Өз қаласына ерекше сүйіспеншілікпен қарайтын адамдар – елордасының басты байлығы, олар күнбе-күн өз жұмыстарын атқара отырып, қаланың қалыптасуына орасан зор үлес қосуда. Сондықтан, ерен еңбектеріңізге, азаматтық қоғам құруға белсене қатысқандарыңызға, бейбітшілік пен келісімді сақтауға ат салысқандарыңызға алғысымызды білдіреміз.

Сіздерге зор денсаулық, жемісті еңбек, шаңырақтарыңызға құт-береке, шаттық пен қуаныш, бақыт тілейміз.

Сүйікті қаламыз – Нұр-Сұлтан көркейе берсін!

Құрметпен, Есіл ауданының әкімдігі.

Яндекс.Метрика
© 2019 "Нұр-Сұлтан қаласы "Есіл" ауданы әкімінің аппараты" ММ.
Сайтты әзірлеу және сүйемелдеу – Helena Burbel.