Жолдауын талқылау

Бүгін «Есіл» ауданы әкімдігінде актив жиналасында Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын талқылады. Кездесу аудан әкімі Берік Жакенов, аудандық құрылымдардың басшылары, әлеуметтік сала мекемелері, ПИК өкілдері, мемлекеттік қызметкерлерінің және т.б. қатысуымен өтті.

Іс-шараның барысында спикерлермен Жолдаудың 5 негізгі бағыттары түсіндірілді. Бұл заман талабына сай тиімді мемлекет, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қарқынды дамыған және инклюзивті экономика, элеуметтік жаңғырудың кезеңі, қуатты өңірлер – қуатты ел.

Баяндамашылар ретінде «Астананың КЕҰ форумы» ҚБ, «Ардагер» ҚБ-нің президенті, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі Баян Ахметжанова; «ЖАҢАРУ» Жемқорлыққа карсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ-нің төрағасының орынбасары - Нұр-Сұлтан қаласы филиалының директоры Даулеткерей Рахметуллин; Нұр-Сұлтан қаласының мәслихат депутаттары Мирас Шекенов және Рамзия Өмірбаева; Қазақстан Республикасы Парламентінің мәжіліс депутаты Павел Казанцев сөз сөйледі. Жиналыстың қатысушылары Президенттің Жолдауын қолдады және берілген тапсырмаларын орындауға дайын екенін көрсетті.

IMG 0084

Яндекс.Метрика
© 2019 "Нұр-Сұлтан қаласы "Есіл" ауданы әкімінің аппараты" ММ.
Сайтты әзірлеу және сүйемелдеу – Helena Burbel.