Құрметті құрылысшылар мен құрылыс саласының ардагерлері! 

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Құрылысшылар күнімен құттықтаймыз!

Сіздердің кәсіпқойлықтарыңыздың, таңдаған істеріңізге жауапкершілік пен адалдықтың арқасында біздің қаламыз көркейіп келеді: әсем ғимараттар, сәулеттік көрнекті туындылар, жайлы үйлер мен пәтерлер салынуда. Әрбір тұрғынның өмір сапасы өздеріңіз салған инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымға байланысты.

Осынау мерекеде Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, мол бақыт, істеріңізге сәттілік тілейміз.

Рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісін тазалау жұмыстары жүргізілді

«Есіл» ауданы әкімі аппараты коммуналдық сенбілік аясында Қ.Мұхамедханов көшесі, 41 аймағында рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісін тазалау жұмыстары жүргізді. 

Жұмысқа 9 мамандандырылған техника қолданылды. 

96 тонна қоқыс шығарылды. 

Continue Reading

Ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде

Құрметті тұрғындармен қала қонақтары! 

Әр сенбі және жексенбі күндері сағат 8.00-ден 18.00-ге дейінгі аралықта «Есіл» ауданындағы Сауран көш.,7, «Nova City» ТК и Жағалау ш.а (Сығанақ - Ш. Айтматов) мекенжайларында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі ұйымдастырған қалалық ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр! А.ж. қараша айына дейін жалғасады.

Continue Reading

09-08-2019

Ағымдағы жылдың 9 тамызынан бастап 8 қыркүйегіне дейінгі аралықта К2 инженерлік желілерінің қайта жаңартылуына (нөсерлік канализация) байланысты Түркістан көшесінің орталық бөлігі Сығанақ және Алматы көшелері арасындағы учаскіде ішінара автокөлік құралдарының қозғалысы жабылатын болады.

Continue Reading

Назар аударыңыз! Ашық есіктер күні

Құрметті аудан тұрғындары!

2019 жылғы 9 тамызда сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін «Есіл» ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік органдармен, құрылымдық бөлімшелермен және коммуналдық ұйымдармен бірлесіп «Ашық есік күндерін» өткізеді.

Continue Reading

Елордада «Сау жүрек айлығы» жылсайынғы қайырымдылық велошеруі өтеді

10 тамызда сағат 19:30-да елордада «Сау жүрек айлығы» жылсайынғы қайырымдылық велошеруі өтеді.

Қазақстанда донорлық жүректі бірінші рет трансплантациялаудың жеті жылдығына арналған шара аясында қайырымдылық велошеруі мен MOLDANAZAR тобының концерті ұйымдастырылады.

Continue Reading

Яндекс.Метрика
© 2019 "Нұр-Сұлтан қаласы "Есіл" ауданы әкімінің аппараты" ММ.
Сайтты әзірлеу және сүйемелдеу – Helena Burbel.