...

Ағымдағы жылдың 1 шілдесі мен 1 тамызы аралығында «Есіл» ауданы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі қызметкерлерімен бірлесіп, заңсыз сауда фактілерін болдырмау бойынша шаралар қабылданды.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204б.сәйкес белгiленбеген орындарда сауда жасағаны үшін 64 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 31 ескерту жасалынды, 33 азаматқа жалпы сомасы 385 062 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Continue Reading

«ЕСІЛ» АУДАНЫНА 11 жыл!

Осыдан тура 11 жыл бұрын Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен (2008ж.08.05 №637 Жарлығы) елордада «Есіл» ауданы құрылды.

Географиялық жағынан іргелес тұрғын алқаптары бар жаңа әкімшілік орталығы болып сол жағалау анықталған. Ресми мәліметтерге сүйенсек, бүгінде ауданда 238 087 адам тұрады. Бүгінгі күні бұл көрсеткіш шамамен 2,5 есе өскен. Аумақтың жалпы ауданы - 39358 га.

Continue Reading

Көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті

Жылдағы дәстүрге айналған «Көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесі» биылғы жылы ерекше аталып өтті. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың 2019 жылды «Жастар жылы» деп атауының  маңызы мен мақсаты зор. Жастардың келешегіне бағдар беру, жол көрсету аға буын өкілдерінің басты парызы. 
Мереке құрметіне ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің Көлік комитеті салауатты өмір салтын сақтау мақсатында «Есіл» ауданы әкімдігінің қолдауымен ботаникалық бақта жас қызметкерлер арасында жаппай жүгіру бойынша спорттық шара өткізді, сонымен қатар елорда тұрғындары үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
Шара барысында барлық қатысушылар «Мен өз қалам үшін не істей аламын?» акциясына белсене қатысты.

Continue Reading

29-07-2019

«Есіл» ауданында жазатайым оқиғаларға жол бермеу мақсатында жаңбырқабылдағыш құдықтарда қорғаныс торларын орнату жұмыстары жүргізілуде, 29 шілдедегі жағдай бойынша 5342 дана орнатылды.

29-07-2019

Көгалдандыру аясында «Есіл» ауданында жазғы кезеңде (күн сайын бекітілген кестеге сәйкес), көгалдарды шабу, арамшөптерді жұлу, жол жиегіндегі ағаштарды әр түрлі әдемі пішін бере отырып біркелкі қию, сондай-ақ гүлбақтарды, гүлзарлар мен аудандағы ағаштарды суару жұмыстары күн сайын жүргізіліп тұрады.

Continue Reading

«Бірге - Таза Қазақстан»

Бүгін «Бірге - Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының шеңберінде Есіл және Қарасу өзендерінің жағалауын тазалау жұмыстары жүргізілді.

Аталған іс-шараға елордамыздың дамуына бей-жай қарамай, қызығушылық танытып 1500 аса адам белсене қатысты.

Қаланың игілігі үшін өз үлестерін қосқан тұрғындарға алғыс білдіреміз!

Қоршаған ортаны, қаламызды бірге таза ұстайық!

#Birge #TazaQazaqstan

Бірге-Таза Қазақстан

Аудан әкімдігі «ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлерімен бірге «Бірге-Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы аясында ЭКСПО алаңындағы (Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған монумент) саябақты көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Акция барысында 150 ағаш ?отырғызылды.

Қаланың игілігі үшін өз үлестерін қосқан тұрғындарға тағы да алғыс білдіреміз!

«Есіл» ауданы әкімдігімен жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

Орындықтар жөнделіп, ауыстырылды, жоқ жерлерде жаңа орындықтар орнатылды. Тіреуіш қабырғаларды, орындықтарды, қоқыс жәшіктерін сырлау жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, Тұран даңғылы - 4000 м, Қабанбай батыр даңғылы - 600 м, Түркістан көшесі - 200 м, Ақмешіт көш. - 200 м, № 16 көш.- 90 м, «Есіл» өзенінің жағалауы - 400 м, Мәңгілік Ел даңғылы - 2200 м, Қорғалжын тас жолы - 1850м және т.б.
Ауыстырылған орындықтар орталықтан орындықтар болмаған тұрғын алаптарға көшірілді.

Яндекс.Метрика
© 2019 "Нұр-Сұлтан қаласы "Есіл" ауданы әкімінің аппараты" ММ.
Сайтты әзірлеу және сүйемелдеу – Helena Burbel.