Көшелерді жарықтандыру жұмыстары жалғасуда

Көшелерді жарықтандыру жұмыстары жалғасуда.

Мәңгілік Ел даңғылы бойында М1 көпірінен Керей-Жәнібек Хандары көшесіне дейін жарықдиодты шамдар орнатылды, бұл энергия шығынын азайтып, жарық сапасын жақсартуға көмектеседі.

Жалпы, ағымдағы жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша 160 дана ауыстырылды.

Шамдар ауыстырылуда

Мәңгілік Ел даңғылы бойында (М-1 көпірінен Достық көшесіне дейін) жарықтандыру шамдарын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде 28 дана орнатылды. Бұл учаскеде жұмыстар жалғасын табады.

Continue Reading

Тратуар жолдары төселді

Орталық саябақта (Дендросад ауданы), сондай-ақ Рысқұлов көшесі №2 қалалық аурухананың ауданында тротуар жолдарын орнату бойынша жұмыстар жүргізілді, жалпы ұзындығы 450 м. құрады.

Continue Reading

Сырлау жұмыстары жүргізілуде

Көшелер мен саябақтардың жарықтандыру тіректерін сырлау жұмыстары жүргізілуде. Бүгін М1 көпірі мен Тұран даңғ. бойындағы «Құрманғазы» саябағында жарықтандыру тіректерін сырлау жұмыстары жүргізілді.

1 тамыздан 13 тамызға дейін аралықта аудан әкімдігінің мердігер ұйымы 6000-нан астам тіректерді сырлады.

Көше жарығын орнату жұмыстары жүргізілуде

«Есіл» ауданының әкімдігі Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгіновтің тапсырмасын орындау мақсатында, сонымен қатар «Үркер» тұрғын үй алқабы тұрғындарының өтініштерін ескере отырып, көше жарығын орнату жұмыстарын жүргізуде.

Continue Reading

Аудан әкімі қонақ үй бизнесі, сауда орталығы және мәдени-демалыс нысандарының өкілдерімен кездесті

Бүгін аудан әкімі Б.Жакенов аудандағы қонақ үй бизнесі, сауда орталығы және мәдени-демалыс нысандарының өкілдерімен кездесті, оның барысында қызмет көрсету сапасын жақсарту, санитарлық тазарту, абаттандыру, сондай-ақ осы нысандарды көгалдандыру мәселелері талқыланды.

Continue Reading

Құрбан айт құтты болсын! 

Барша мұсылман қауымын ұлық мереке – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрбан айт мерекесінің орны бөлек. Бұл – елдің береке-бірлігін бекемдейтін, қанағат пен қайырымдылықты арттыратын мейрам. Құрбандық шалу  адалдыққа, шүкіршілік пен тәубаға шақырады.

Осынау жарқын мерекеде барлықтарыңызға зор денсаулық, қуаныш пен бақыт тілейміз!

Яндекс.Метрика
© 2019 "Нұр-Сұлтан қаласы "Есіл" ауданы әкімінің аппараты" ММ.
Сайтты әзірлеу және сүйемелдеу – Helena Burbel.