Аудан құру туралы Президент Жарлығы
Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласында "Есіл" ауданын құру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 5 тамыздағы N 637 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
және республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс
"Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 5-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласында әкімшілік-аумақтық бірлік - "Есіл" ауданы құрылсын.
- Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының "Алматы" және "Сарыарқа" аудандарының жалпы ауданы 31,2 мың гектар жер бөлігін қосумен "Есіл" ауданының әкімшілік шекарасы белгіленсін.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
- Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев