«Есіл» ауданы Ардагерлер кеңесі туралы

«Қазақстан Республикасы Ардагерлер ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің Ережесіне сәйкес 2008 жылы 12 қараша күні құрылтайшылар конференциясында «Есіл» ауданының Ардагерлер кеңесі құрылды.

10 жыл ішінде аудандық Ардагерлер кеңесі төрайымы Р. Т. Атығаеваның басшылығымен бастауыш ардагерлер ұйымдарын құру, оларды нығайту және дамыту, халық арасында беделін арттыру, қарт адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау сияқты сұрақтар бойынша біраз жұмыстар атқарылды.

Қазіргі уақытта есепте 17000 зейнеткерлер тұр және жыл сайын зейнеткерлердің саны өсуде. Ауданда 9 соғыс ардагері, 304 тыл еңбеккері, 1 Ленинград қоршауында болған адам, 13 қаза тапқан жауынгерлердің жесірлері және «Алтын» және «Күміс алқа» медальдарымен марапатталған 445 көп балалы аналар тұрады. Айта кету керек, жалғыз басты ардагерлер мен материалдық қолдауға мұқтаж жандар дербес есепте.

Ардагерлер Кеңесі жанынан 105 бастауыш ардагерлер ұйымдары құрылған, оның ішінде 15-і саяжай алқаптарында, 15-і мемлекеттік ұйымдарда, 9-ы тұрғын үй алаптарында, қалған 66-сы ПИК-де орналасқан.

Жыл сайын ауданда шағын орталықтар ашылуда. Бүгінгі күні аға буынның бос уақытын ұйымдастыру бойынша 12 шағын орталық жұмыс істейді.

Ардагерлер кеңесі қызметінің негізгі мақсаты тарихи және мәдени мұраны сақтауға және дамытуға жәрдемдесу, ішкі саяси тұрақтылықты, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, ұрпақтар сабақтастығын жүзеге асыру болып табылады.

Ардагерлер кеңесінің жұмысы «Есіл» ауданы әкімі аппаратының жұмыс жоспарын ескере отырып, тоқсан сайын және бір жылға жоспарланып іске асырылады.

Жұмыстың бір формасы ретінде, ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығын түсідіре отырып, егде адамдардың өскелең ұрпаққа, олардың өмірлік жолдарына дұрыс бағыт бағдар беруде талқыға түсіру немесе кеңес беру мақсатында Ақсақалдар кеңесі құрылды. Бірлескен жоспарлардың негізінде кеңес мүшелері жастарды адамгершілік және патриоттық бағытта тәрбиелеумен айналысады, барлық аудандық және қалалық іс-шараларға, сенбіліктерге, абаттандыруға және аулалар бойынша рейдтерге қатысады.

«Есіл» ауданы Ардагерлер кеңесінің мекен-жайы: Қабанбай батыр даңғылы, 33. Тел. 57-45-64.

© 2021 "Нұр-Сұлтан қаласы "Есіл" ауданы әкімінің аппараты" ММ.
Сайтты әзірлеу және сүйемелдеу – ТОО «Digital Innovation and Transformation».