Нұр-Сұлтанда 25 қазаннан бастап "Family village" ауданында Е652 көшесінде бір бағытты қозғалыс енгізу жоспарлануда.

Тұрғындар елорда әкімдігіне осы көшедегі қозғалысқа шағым жасап, нәтижесінде аталған шешім қабылданды.

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мен Әкімшілік полиция басқармасы бірлесіп, осы учаскелердің жол-техникалық жағдайларын тексеріп, біржақты қозғалысты енгізу туралы шешім қабылдады. Қозғалыс сағат тіліне қарсы бағытта жүретін болады. Бұл өзгерістер жол қозғалысын оңтайландыру жұмыстарының бір бөлігі және көше-жол желісіне жүктемені азайту мақсатында енгізіледі.

Белгіленген учаскеде бір бағытты қозғалысты енгізу көлік легінің үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етуге, қарсы бағытпен қақтығыс нүктелерін азайтуға, жол-көлік оқиғаларын болдырмауға  мүмкіндік береді.

Жүргізушілер жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, жоғарыда көрсетілген өзгерістерді ескеруі қажет.

© 2021 "Нұр-Сұлтан қаласы "Есіл" ауданы әкімінің аппараты" ММ.
Сайтты әзірлеу және сүйемелдеу – ТОО «Digital Innovation and Transformation».