«Есіл» ауданының «Open akimat» қызметін 18 мыңнан астам тұрғын пайдаланды.

«Open akimat» алаңының ашылғанына бір жылдан асты. Осылайша, 18804-тен астам тұрғынға қызмет көрсетілді.

Есіл ауданының әкімдігі басқару мәдениетінің жаңа стандарттарына көшу жолында табысты алға жылжуда. Осындай алаңның жұмысы, аудан тұрғындары мен мемлекеттік органдардың өкілдері арасындағы ыңғайсыздықты азайтуға үлесін қосады.

Халық арасында ең өзекті сұрақтар:

- көлік құралдарының салығы, мүлік және жер салығы;

- азаматтық хал актілерін тіркеу;

- тұрғын үй;

- жұмыспен қамту және т.б.

«Open akimat» аймағында азаматтарға «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетіледі. Тұрғындарға, Халыққа қызмет көрсету орталығы, Мемлекеттік кірістер департаменті, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, Тұрғын үй қоры, Жұмыспен қамту орталығы, Атамекен АЭС және т.б. аудан әкімдігі қызметкерлерінен кеңес ала алады. 

Мұндай алаңның құрылуы мемлекеттік органдардың қызметіндегі ашықтық қағидатын алға жылжытады, сол арқылы азаматтар мен мемлекеттік қызметшілер арасын жақындатады. Алайда, карантин басталғаннан бері «Open akimat» тек Мемлекеттік кірістер департаменті мен Азаматтық хал актілерін тіркеу қызметкерлері қызмет көрсетеді. 

Жұмыс уақыты: жұмыс күндері 8.30-дан 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Мекен-жайы: Қабанбай батыр даңғылы, 33 (1 қ.).

© 2021 "Нұр-Сұлтан қаласы "Есіл" ауданы әкімінің аппараты" ММ.
Сайтты әзірлеу және сүйемелдеу – ТОО «Digital Innovation and Transformation».