АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР

2006 жылғы үлгідегі номиналы 2 000, 5 000, 10 000 теңгелік банкноттарды қабылдау және ауыстыру мерзімін ұзарту туралы.

Ұлттық Банк 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2 000, 5 000 және 10 000 теңгелік банкноттарды ауыстыру мерзімін 2021 жылдың 1 ақпанына дейін ұзартты.

Банкноттар жеке тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Орталық филиалында (Нұр-Сұлтан қаласы) айырбасталады, мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 21.

Еске сала кетейік, 2006 жылғы үлгідегі номиналдарға тән банкноттарды айырбастау кезеңі 2016 жылдың қазанынан 2020 жылдың 5 қазанына дейін – 4 жыл бойы ұзартылып келді.

Толық ақпаратты келесі телефон нөмірлері арқылы алуға болады:

+7 (717) 2 703378

+7 (717) 2 703338

+7 (717) 2 703354

+7 (717) 2 703382 

© 2021 "Нұр-Сұлтан қаласы "Есіл" ауданы әкімінің аппараты" ММ.
Сайтты әзірлеу және сүйемелдеу – ТОО «Digital Innovation and Transformation».