«Есіл» ауданы әкімінің есеп беру кездесуі

2021 жылдың 1-3 ақпан аралығында «Есіл» ауданының әкімі Берік Жакенов халық алдында есеп беру кездесулерін өткізеді. Іс-шаралар ZOOM-конференция форматында қала әкімдігінің Facebook және YouTube парақшаларында онлайн-көрсетіліммен өтеді.

Ауданда барлығы 4 кездесу:

- 1 ақпан сағат 10:00-де – «Үркер» тұрғын  алабының тұрғындарымен, сағат 15:00-де – «Пригородный», «Заречный», «Тельмано» тұрғын алаптарының тұрғындарымен онлайн-кездесу;

- 2 және 3 ақпанда сағат 10:00-де - ауданның басқа аймақтарының тұрғындарымен онлайн-кездесулер жоспарланған.

Аудан  әкімінің есептік  кездесуіне  қатысу және сұрақтар қою  Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің  www.astana.gov.kz  сайтының «Онлайн кездесулер» бөлімінде өтінім қалдыру арқылы жүзеге асырылады.

© 2021 "Нұр-Сұлтан қаласы "Есіл" ауданы әкімінің аппараты" ММ.
Сайтты әзірлеу және сүйемелдеу – ТОО «Digital Innovation and Transformation».