Ұлы Отан соғысы қатысушыларына алғыс!

Алғыс айту күні – ортақ тарихымыздың символы, Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігі мен ынтымағының көрінісі ретінде, барша қазақстандықтарды қайырымдылық пен ізгілікке бастап, өзара жәрдемдесу дәстүрін көрсететін айшықты мереке.

1 наурыз, Алғыс айту Күні, «Есіл» ауданы әкімдігі Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйіне баруды ұйымдастырды.

«Есіл» ауданында 3 ардагер тұрады - Ахметова Нұршида апа Шәріпқызы, Садықов Тұрысбек ата, Ботев Иван Михайлович.

ҰОС ардагерлеріне алғыс сөздер, отбасыларына денсаулық, амандық тілектері айтылды. Сондай-ақ, іс-шараға Нұр-сұлтан қаласының жастар саясаты басқармасының өкілдері қатысты.

© 2021 "Нұр-Сұлтан қаласы "Есіл" ауданы әкімінің аппараты" ММ.
Сайтты әзірлеу және сүйемелдеу – ТОО «Digital Innovation and Transformation».