«Есіл» ауданында 2021 жылға арналған Халықтың бюджетке қатысу бойынша өтінімдерді қабылдау ашылды.

Бұл қандай жоба және ол не үшін қажет?
Бюджетке қатысу - жергілікті атқарушы орган қоғамды тарта отырып жүзеге асыратын жоба. Азаматтардың бастамалары мен ұсыныстары негізінде аудан дамып, жақсарады.

Азаматтардың идеяларын жүзеге асыру бойынша қандай жұмыстар атқарылды?
«Есіл» ауданында жоба алғаш рет өткен жылы басталды. Барлығы тұрғындардан 31 жоба келіп түсті. Жобаның ережелеріне сәйкес сарапшылар кеңесі ашық дауыс беру нәтижесінде ең көп дауыс жинаған 8 ұсынысты іске асыруға шешім қабылдады.

Қай жобаның жүзеге асырылуын кім және қалай шешеді?
Жоба аясында консультативтік кеңесші орган - сараптамалық кеңес құрылды.
Оның құрамына ауданның белсенді тұрғындары, қоғамдық ұйымдардың және аудан әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері кіреді. Әкімдіктің сараптамалық кеңесі мәжіліс түрінде жұмыс істейді, отырыстағы барлық шешімдер қатысушылардың қарапайым көпшілік даусымен қабылданады. Оның мүшелерінің тізімі біздің ресми сайтымызда орналастырылған.

Жобаға қалай қатысуға болады?
«Бюджетке қатысу» жобасына қатысу үшін «Есіл» ауданы әкімдігінің esil.astana.kz ресми сайтына өтініш қалдыру қажет.

Жобалық ұсыныстарды қабылдау 2021 жылдың 1 сәуіріне дейін жалғасады.
Барлық егжей-тегжейлі ақпарат веб-сайттың «Бюджетке қатысу» бөлімінде орналастырылған және жобаның ережелерінде көрсетілген.

© 2021 "Нұр-Сұлтан қаласы "Есіл" ауданы әкімінің аппараты" ММ.
Сайтты әзірлеу және сүйемелдеу – ТОО «Digital Innovation and Transformation».