Аудан әкімі

Аудан әкімі

Жакенов Берік Оралұлы

 

Берік Жакенов 1978 жылдың 25 тамызда Целиноград қаласында дүниеге келген. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Экономист» мамандығын, Қазтұтынуодағының Қарағанды ​​экономикалық университетінің  «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген, экономика ғылымдарының магистрі.

 

Еңбек қызметі:

 

2000ж. - Қазақстан Республикасының Салық полициясы органдарындағы қызмет, Көкшетау қ.

2001ж. - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі қызмет, 83205 әскери бөлімі, Астана қ.

2002-2007жж. – Салық қызметі органдарында жұмыс, Астана қ.

2007-2009 жж. - Қарағанды ​​облысы әкімінің кеңесшісі

2009-2010 жж. - Қарағанды ​​облысы бойынша салық департаменті бастығының орынбасары

2010-2011 жж. - «Нұр Отан» ХДП хатшылығының меңгерушісі, Астана қ.

2011-2014 жж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде жұмыс

2014-2015жж. - Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Сарыарқа» ауданы бойынша салық басқармасының басшысы

2015 ж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары

2015-2016жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы

2016-2019 жж. - Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппарат басшысы

02.07.2019 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін - Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының әкімі

 

Санитарлық тазалықты ұстау және абаттандыру сұрақтары бойынша әкімнің орынбасары

Уахитов Елнар Бекенұлы  

Туылған күні:  6 шілде 1981 жыл

 

Білімі: 

Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Мамандығы бойынша заңгер, есеп және аудит бакалавры, есеп және аудит магистрі, цифрлық мемлекеттік басқару магистрі.

 

Жұмыс өтілі:

Еңбек жолын Қарағанды қаласының ірі жылу энергетикалық компаниясында бастаған.

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің «Маркетингтік-талдамалық зерттеу орталығы» АҚ-да жұмыс жасаған.

2006 жылы мемлекеттік қызметке ауысады. Қарағанды облысы әкімі орынбасарының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша консультанты болып жұмыс жасайды. 2008 жылдан бастап Қарағанды облысының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары.

2009 жылы Қарағанды облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы бөлімі меңгерушісінің қызметін атқарады.

2010 жылы – ҚР-ның Индустрия және жаңа технологиялар министрінің кеңесшісі. Келесі жылдары Қарағанды облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшылық лауазымдарында, Шахтинск қаласы әкімі орынбасарының қызметінде жұмыс жасайды.

2017 жылдан бастап Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің орынбасары.

 

Әкімнің ішкі саясат және азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі орынбасары

Шайназарова Айжан Болтақызы 

1971 жылдың 10 сәуірінде дүниеге келген

 

Білімі:

1993 ж. - Санкт-Петербург мемлекеттік университеті, РФ

2009 ж. - Duke University өндірістік тәжірибе, АҚШ

2019 ж. - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебі

 

Еңбек қызметі:

 

1988-1993 жж. Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің студенті, Ресей Федерациясы

1993-1994 жж. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі институты Алматы филиалының аға лаборанты, Алматы қ.

1994-1995 жж. Қазақ мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы, аға лаборант, Алматы қ.

1995-1998 жж. Қазақ мемлекеттік басқару академиясының аспиранты, Алматы қ.

1998-1999 жж. Қазақ мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы, Алматы қ.

1999-2001 жж. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аға оқытушы, Астана қ.

2001-2004 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Ұйымдастыру жұмысы және әлеуметтік технологиялар департаментінің талдау және мониторинг орталығының бас маманы, бастығы

2004-2004 жж. - Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігі Әлеуметтік технологиялар департаментінің талдау және мониторинг орталығының бастығы, Астана қ.

2004-2005 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің қоғамдық-саяси бөлімінің бас сарапшысы, Астана қ.

2005-2008 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қоғамдық-саяси бөлімінің бас сарапшысы, Астана қ.

2008-2009 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сарапшысы, Астана қ.

2009 ж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің инспекторы, Астана қ.

2009-2013 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, Астана қ.

2013-2019 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, Астана қ., А корпусы

2019-2021 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары

2021 ж. - ішкі саясат және азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша әкім орынбасары

 

Әлеуметтік сала және кәсіпкерлік мәселелер бойынша әкімнің орынбасары

Қыдырбек-ұлы Дәрменияр Алғатбекұлы  

Туылған күні:  8 ақпан 1991 жыл

 

Білімі:

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, халықаралық қатынастар бакалавры, гуманитарлық білім магистрі. 

 

Жұмыс өтілі:

2012 -2014 жылдары «Қазақмыс Корпорация» ЖШС әр түрлі лауазымда жұмыс істеді.

 2015 жылы «Ұлттық басқарушы холдинг «Бәйтерек» АҚ басқарма төрағасының хатшылық - кеңесшісінің басшысы болып тағайындалды.

2016 жылы «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ басқарушы директоры болып жұмыс істеді.

2016 жылдан бастап мемлекеттік қызметте жұмыс істейді, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің кеңесшісі болып тағайындалды.

2017 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігінің талдау және бағалау аймақтары департаментінің өңіраралық ынтымақтастық басқармасын басқарды.

2018 жылға дейін Нұр-Сұлтан қаласы «Сары-Арқа» ауданы әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс істеді. 2019 жылдың 14 наурызынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы «Есіл» ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істейді.

ТКШ және инфрақұрылым сұрақтары бойынша Әкімнің орынбасары

Аббас Қанат Сейфуллаұлы 

Туылған күні  12 шілде 1988 жыл

Білімі

2012 жыл – Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті

2015 жыл – Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті

2019 жыл -  Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті

 

Жұмыс өтілі

2009 Астана қаласы ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

«Ақпараттық талдау орталығы» РМК ақпараттық технологиялар бөлімінің жетекші маманы

2009-2011  Астана қаласы ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Ақпараттық талдау орталығы» РМК ақпараттық техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы

2010-2014 Астана қаласы «ВЕРШИНА плюс» ЖШС-нің бас директоры

2014-2014 Астана қаласы «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті» ММ ісқағаздар жөніндегі инспекторы

2014-2016Астана қаласы «AKKAN» ЖШС-нің бас директоры/

2016-2017 Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманының м.а./

2017-2018 Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы

2018-2019Нұр-Сұлтан қаласы «Есіл» ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы (негізгі қызметкердің оқу демалыс мерзіміне)

2019-2021 «Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы – протокол басшысы

2021 Нұр-Сұлтан қаласы «Есіл» ауданы әкімінің орынбасары

 

«Есіл» ауданы әкімінің аппараты басшылығының кірістері туралы ақпарат

№ р/с

Лауазым атауы

Аты-жөні

Ағымдағы кезендегі жалақы, теңге

1.

Аудан әкімі

Жакенов Берік Оралұлы

305 941

2.

Руководитель аппарата акима района

Жунисбеков Бақытжан Абдреимжанович

329 150

3.    

Аудан әкімінің орынбасары

Аббас Қанат Сейфуллаұлы

467 174

4.

Аудан әкімінің орынбасары

Қыдырбек-ұлы Дәрменияр Алғатбекұлы

381 814

5.      

Аудан әкімінің орынбасары

Уахитов Елнар Бекенұлы

426 993

 

© 2021 "Нұр-Сұлтан қаласы "Есіл" ауданы әкімінің аппараты" ММ.
Сайтты әзірлеу және сүйемелдеу – ТОО «Digital Innovation and Transformation».